Бұл туралы Ыстықкөл облыстық әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Азаттықтың Қырғыз қызметі.
Ақпаратқа сәйкес, аталған жердегі қазу жұмыстары барысында көне дәуірде тіршілік еткен жануардың бас сүйегінің, азуы мен тістерінің бөлшектері табылған. Ол жер қоршалып, милиция күзеті қойылған, енді онда Бішкектен ұлттық ғылым академиясынан ғалымдар бармақшы.
Әлгі сүйектерді 10 наурызда жергілікті тұрғындар тапқан.