Ссылки доступа

Тергеу комитеті Касьяновтың Қадыровтың қоқан-лоқысы туралы шағымын Шешенстанға жолдады


Бұған дейін Касьяновтың шағымына Федералды қауіпсіздік қызметі жауап берген еді. Арнайы қызмет орны Шешенстан басшысының Instagramдағы бейнежазбасында «қандай да бір құқық бұзушылық әрекет белгілері жоқ» деп санайды.

Шешенстан басшысының Instagramдағы бейнежазбасында «қандай да бір құқық бұзушылық әрекет белгілері жоқ» деп санайды.Шешенстан басшысының Instagramдағы бейнежазбасында «қандай да бір құқық бұзушылық әрекет белгілері жоқ» деп санайды.Ресейдің Тергеу комитеті ПАРНАС саяси партиясының жетекшісі Михаил Касьяновтың Instagramдағы бейнежазбасы үшін Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровты қылмыстық жауапқа тарту туралы арызын осы республиканың тергеу басқармасына жолдады. Бұл туралы Твиттердегі парақшасында партия төрағасының орынбасары кіші Владимир Кара-Мурза жазды.

Рамзан Қадыровтың Instagramға 31 қаңтарда салған бейнежазбасында, Михаил Касьянов пен кіші Владимир Кара-Мурза мерген мылтығының нысанасына ілінген қалпында бейнеленген және сурет астында: «Касьянов ресейлік оппозицияға ақша алу үшін Страсбургке келді. Түсінбегендер енді түсінетін болады!» деп жазылған.

Оппозиционерлер мұны кісі өлтіруге шақыру деп қабылдап ФҚҚ мен Ресейдің Тергеу комитетіне шағымданды. Кеше Касьянов ФҚҚ-дан жауап келгенін мәлімдеді. Құзырлы орган Шешенстан басшысының Instagramдағы бейнежазбасынан «қандай да бір құқық бұзушылық әрекет белгілерін таппаған».


XS
SM
MD
LG