Мұның алдында Франция СІМ басшысы Жан-Марк Эйро мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Дамск өкілдерінің Сириядағы болашақ президент сайлауы мәселесін талқылағысы келмейтіні туралы мәлімдемесін арандатушылық ретінде бағалады. Эйро мен Керри Ресей және Иранды Башар Асадты оқ атуды тоқтату тәртібін сириялық режим мүддесіне пайдалануды тоқтатуға көндіруге шақырды.
Сирияда 27 ақпаннан бері бітімгерлік күшіне енген. Оның шарттарының Ресей мен бірқатар елде қызметіне тыйым салынған "Ислам мемлекеті" және "Джебхат ан-Нусра" экстремистік топтарына қатысы жоқ.
Жексенбі күні Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сириядан тықсырылып жатқан экстремистердің Ливия, Йемен және Ауғанстанға шоғырланып жатқанын мәлімдеді.