Ссылки доступа

Қырғыз оппозициясы Жалал-Абадта митингке шықты


наразылық шарасына 50 шақты адам қатысуда. Митингте қаланың бұрынғы әкімі Мақсат Жээнбеков, «Эгемен Қырғызстан» партиясының төрағасы Бектұр Асанов сөз сөйледі.

Наразылық шарасы Барпы атындағы драма театрының маңында өтуде.
Оппозиция өкілдері шараға 2 мыңға жуық адамның қатысатынын айтқан болатын.

Жиналғандар биліктен әлеуметтік төлемақы мөлшерлемесін азайтуды,электр қуаты тарифтерін арзандатуды, тұрғын үйді міндетті мемлекеттік сақтандыру туралы заңның күшін жоюды және балаларға берілетін жәрдемақы құжаттарын рәсімдеу жағын жеңілдетуді талап етуде.


XS
SM
MD
LG