Ссылки доступа

Тәжік оппозиционерін қорғайтын адвокаттың екінші ұлы тұтқындалды


Тәжік адвокаты Исхoк Табаровтың екінші ұлы Далер Табаров тұтқындалды. Бұған дейін адвокаттың үлкен ұлы Фируз Табаров үкіметке қарсы үндеулер мен әрекеттерге барды деп айыпталып 13,5 жылға сотталған еді.

Табаровтың екінші ұлы «қылмыс туралы хабарламады немесе оны жасырды» деген күдікке ілінген. Бұл қылмыс бойынша бес жүзден мың есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеу немесе екі жылға дейін бас бостандығын айыру жазасы белгіленген.

Табаровтың өзі ұлының тұтқындалуын өзінің адвокаттың қызметіне қарсы жасалған кезекті қысым ретінде бағалады.

Исхок Табаров бірқатар қылмыс жасады деген айыппен 29 жылға сотталып, дүние-мүлкі тәркіленген белгілі тәжік кәсіпкері Зайд Саидовтың мүддесін қорғаушы.

Оның авдокаттары Зайд Саидов "Жаңа Тәжікстан" партиясын құрғанын мәлімдегені үшін тәжік билігінің қырына ілкті деп санайды. Бұл партия сол күйі ресми тіркеуден өтпеді.

Саидовтың үстінен қозғалған шулы сот ісінің басында оның мүддесін Табаровпен бірге Шухрат Кудратов және Фахриддин Зокиров сияқты адвокаттар да қорғаған болатын. Кейін олардың өздерінің басы сотқа шатылды. Шухрат Кудратов сотталып, адвокаттық қызмет көрсету құқығынан айырылды.

XS
SM
MD
LG