Ссылки доступа

Жүздеген босқын Грекия мен Македония шекараларын кесіп өтті


Македония Грекия шекарасын кесіп өткен жүздеген босқынды ұстады. Грекиядағы толып кеткен босқындар лагерін тастап, мыңдаған адам шекаралы өзенді басып өткен. Жүздеген мигрант суды жүзіп өтіп, Македония аспақшы болған, бірақ оларды сарбаздар тоқтатты.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Грекиядан 700-ден аса мигрант заңсыз келген. Мекеме ел әскері оларды кері Грекияға қайтару үшін бар күштерін салып жатыр деді. AFP агенттігінің хабарлауынша, босқындарды алып жүрген жиырма шақты журналистер де полиция учаскелеріне жеткізілген.

Грекияның Идомен елдімекеніндегі босқындар лагерінде 14 мыңға жуық адам орналасқан. Өткен апатада Македония енді босқындарды кіргізбейтінін мәлімдеген болатын.


XS
SM
MD
LG