Ссылки доступа

Жалал-Абадта оппозиция митингісі аяқталды


Жалал-Абадтағы оппозиция митингісі аяқталды. Осылай деп Қырғызстанның ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қырғызстан ІІМ мәліметінше, Барпы аптындағы драма театрының алдына жүз шақты адам жиналған, ал қалғандары кездейсоқ өтіп бара жатқандар немесе жәй акцияны тамашалауға келгендер.

Милиция сонымен бірге акцияға бес жүз адам қатысты деген ақпаратты да жоққа шығарады.

"Эгемен Қырғызстан" партиясының лидері Бектур Асанов өзінің сөйлеген сөзінде президенттің мерзімінен бұрын отставкаға кетуін талап етті. Ол келесі наразылық митингісі 24 наурызда Ош қаласында өтетінін хабарлады.

Алдын оппозиция өкілдері акцияға екі мыңға жуық адам келеді деп мәлімдеген еді. Олардың талаптары - әлеуметтік салық мөлшерін азайтып, электр энергиясының тарифтерін төмендету және тұрғын үйді міндетті түрде сақтандыру заңын кері қайтару. Сонымен бірге балалар жәрдем ақысын алу үшін жинайтын құжаттарды жеңілдетуін қалайды.

XS
SM
MD
LG