Ссылки доступа

Қырғызстанда милиция енді полиция деп аталуы мүмкін


"ҚР ішкі істер органы туралы" заңға өзгерістер енгізілуі мүмкін. Бұл жөнінде әйел-депутаттар форумында Жогорку Кенештің тәртіп сақтау және қылмысқа қарсы күрес комитетінің төрағасы Жаныбек Бакчиев мәлімдеді.

Парламент депутаттары егер ІІМ жаңа заңның жобасын ұсынбаса, өздері кірісетінін ескертті. Талқылау барысында полиция жөнінде жаңа заң жобасын әзірлеуі мүмкін екендіктерін айтты. Алайда талқылауға қатысқандар бұл мәселеде ортақ шешімге келе алмады.

"Реформа және нәтиже үшін" азаматтық одағы Қырғызстанның милиция қызметін реттейтін заңды қайта қарау бастамасын қолдайды. Бұл құқық қорғау органдарына жүргізілетін реформаның бастамасы болуы мүмкін деп есептейді.

Белсенділер негізінен заңға депутаттардың өздері өзгеріс енгізулері керек дейді.

Қолданыстағы "Ішкі істер органдары жөніндегі" заң жобасы 1994 жылы қабылданған. "Реформа және нәтиже үшін" азаматтық одағы заң ескерді, өзгерістер керек дейді. Олар заң жобасына өздерінің кеңестерін ұсынуға дайын екеніндіктерін жеткізді.

XS
SM
MD
LG