Ссылки доступа

Қырғызстан азық-түлікке ішкі сұраныстың жартысын ғана қамтамасыз етеді


Негізгі тоғыз азық-түліктен Қырғызстан ішкі нарықты тек нан және нан өнімдері,картоп, көкөніс және сүт секілді төрт түрімен қамтамасыз ете алады. Бұл туралы бүгін Жоғорку Кенеште баяндама жасаған премьер-министр Темір Сариев мәлімдеді

Оның сөзінше, қалған бес базалық азық-түлік бойынша (жеміс-жидек, қант, өсімдік майы, ет және ет өнімдері, жұмыртқа) импорт үлесі жоғары. 2015 жылы 412 миллион долларға осындай азық-түлік әкелінген, бұл жалпы импорт көлемінің 10,1% құрайды (экспорт 6,3% немесе 106 миллион доллар).

Премьер осыған орай ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыру, экспорт көлемін ұлғайту және импорт алмастыру шараларын қолға алу көзделгенін айтты.

«Басты бағыттар - өңдеуші кәсіпорындарды дамыту, тамшылатып суғару технологияларын енгізу, логистикалық орталықтар құру, ауыл шаруашылығы техникасының лизингі, асыл тұқымды мал және егіншілік шаруашылықтарын қолдау, жаңа заманғы мал сою цехтарын құру», - деді премьер.

Сариев бұл мақсаттарға жылына 10% сыйақымен несие беру үшін 2016 жылы үкімет 4 миллиард сом бөлетінін жеткізді.

XS
SM
MD
LG