Ссылки доступа

Еуропалық Одақ банктерден ресейлік бағалы кепіл қағаздарын қабылдамауды сұрады


Бұған дейін Ресейдің қаржы министрлігі 2016 жылдың бюджетінде сырттан үш миллиард долларға дейін қарыз алу жағы қарастырылғанын мәлімдеген еді.

Еуроодақ басшылығы еуропалық банктерді Ресейдің мемлекеттік облигацияларын сатып алмауға шақырды. Бұл туралы бүгін Financial Times басылымы хабарлады.

Ресми түрде бағалы кепіл қағаздарын орналастыру Ресейге салынған санкциялармен кереғар келмейді, бірақ ЕО банктердің осындай жолмен ресейлік экономикаға қолдау көрсеткенін қаламайды.

Бұған дейін Мәскеу мемлекеттік бағалы кепіл қағаздарын шығаратынын жариялап, америкалық, еуропалық және азиялық ірі банктерге оларды сатып алуды ұсынған еді. Қарыз 2016 жылдың бюджетіндегі тапшы қаржының бір бөлігін өтеуге жұмсалмақ.

Ақпан айының соңында АҚШ билігі америкалық банктерге Ресейге жаңадан қарыз бермеуге кеңес берген. Вашингтон бұл жағдай Батыс елдерінің 2014 жылы Ресейге салған санкцияларына кереғар әрекет болады деп түсіндірді.

XS
SM
MD
LG