Ссылки доступа

Тбилиси университетінде студенттер толқуы болды


Тбилиси мемлекеттік университетінің күзетшілерімен қақтығыстан кейін ондаған студенттер ректор - академик Владимир Папаваның кабинетіне басып кіріп, ол отставкаға кетпейінше, наразылықтарын тоқтатпайтынын жеткізді.

Бұл оқиға университет қызметкері Георгий Гаприндашвилиді оқу орнының канцлері қызметіне тағайындағаннан кейінгі көп күнге созылған толқудың шарықтау шегі болды. Студенттер Гаприндашвилиді грузин арнайы қызметінің құпия агенті деп есептеп, бірнеше жылдардан бері - запастағы офицер міндетін атқарып келген дейді.

Мұндай "институт" совет кезеңінде болған, Грузия бұл үрдіске тек өткен жылы ғана парламенттің шешімімен заңды түрде тыйым салған. Соған қарамастан студенттер арнайы қызмет бұрынғысынша елдің басты университетін бақылауға тырысады дейді.

Сейсенбіге қараған түні Тбилиси мемлекеттік университетінің алдында ректорге наразылық білдірушілер мен қарсылар арасында жаппай төбелес орын алды. Георгий Гаприндашвили жағдайды қиындатпау үшін канцлерлік орынға өзінің кандидатурасын алуды шешкен. Алайда ректор "академиялық процестің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажет деп, оны отставкаға жіберуден бас тартты. Студенттер болса, ректор кабинетіне басып кіргеннен кейін бірнеше сағаттан соң "ректор олардың талаптарын қарау үшін кездеседі" деген уәдені алған соң барып тарады.

XS
SM
MD
LG