Ссылки доступа

АҚШ: Ресейдің Сириядан кетуі санкциялар тәртібін өзгертпейді


АҚШ мемлекеттік хатшысының еуропалық және азиялық істер жөніндегі көмекшісі Виктория НуландСириядан ресейлік әскердің әкетілуі америкалық санкцияның алынуына немесе жеңілдеуіне әсер етпейтінін мәлімдеді.

Виктория Нуланд америкалық тараптың Сирия дағдарысы мен Украинаның шығысындағы қақтығысты бөлек қарастыратынын жеткізді. "Біз Украинаға қатысты шешімді сол елде болып жатқан жағдайға қарай қабылдаймыз. Өйткені санкцуиялар украинадағы оқиғалар үшін салынған. Сондықтан Сириядағы жағдайдың Украинаға еш қатысы жоқ", - деді Виктория Нуланд.

Украинаның елшісі Валерий Чалый Foreign Policy журналына берген сұхбатында Құрама Штаттарға Украинадағы шиеленіске қатысты ұстанымын ашық білдіргені үшін алғыс айтты: "Мен Виктория Нуландқа Құрама Штаттардың Украинаға қолдау білдіргені үшін ризалылығымды білдіремін". Ол сонымен бірге Ресей Сириядан босаған әскерін Украинаға жолдай ма деген қаупін айтты.

Сейсенбі күні Ақ үйдің өкілі Джош Эрнест Ресейдің Сириядан әскерін шығара бастағаны туралы деректі қуаттады. Алайда Пентагон Сириядан тек бірнеше ресейлік ұшақтың кеткенін, мұны "әскердің үлкен бөлігі" деуге келмейтінінмәлімдеді. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Мәскеудің бұл қадамы Сирия мен оның төңірегіндегі жағдайға қаншалықты әсер ететінін айтуға әлі ерте екенін ескертті.

XS
SM
MD
LG