Ссылки доступа

Қырғызстанға Чехия парламентінің спикері келді


Қырғызстанға Жоғорку Кеңештің шақыруымен депутаттар Палатасының төрағасы Ян Хамачек бастаған Чехия парламентінің делегациясы келді.

Қырғыз парламентінің баспасөз қызметі чех делегациясының 16-17 наурызда ел басшылығымен кездесу өткізетінін, сонымен бірге экономика министрлігі мен сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастыратын қырғыз-чех бизнес форумына қатысатынын хабарлады.

Чехиядан делегацияның келуіне байланысты жол-патруль милициясының арнайы батальоны 15 және 16 наурызда Бішкектің орталық көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектелетінін ескертті.

XS
SM
MD
LG