Ссылки доступа

Душанбеде жемқорлыққа қарсы мекеменің автокөлігі ұрланды


Бұл қылмысты жасады деген күдікпен Душанбе тұрғыны ұсталды. Құзырлы органдар тұтқындалған Абдулло Гарбоновтың өзі ұрлаған көліктерді бөлшектеп сатумен айналысқанын мәлімдеді.

25 жастағы Душанбе тұрғыны тергеу барысында тағы алты көлікті ұрлағанын мойындаған. Бір апта бұрын қалада Тәжікстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қаржы бақылауы Агенттігіне тиесілі көлік ұрланған.

Тәжікстан ІІМ дереккөз көлік табылған кезде оның есіктері алынып, отынның арасына жасырылғанын айтты. Гарбоновтың үйінен басқа бірнеше көліктің қосалқы бөлшектері табылған. Дерекөкздің хабарлауынша, автослесарь мамандығын игерген күдікті көліктерді бөлшектеп, базарға сатқан.

Дегенмен сәрсенбі күні ІІМ ресми сайтында милиция қызметкерлерінің автокөлік ұрлауға қатысы бар 5 адамнан тұратын топты тапқаны туралы жазылды. Хабарламада қылмыстық топтың 2015 жыл мен биылғы жылдың қаңтар-наурызында Душанбе мен оған іргелес елді мекендерде көлік ұрлаумен айналысып келгені туралы айтылады.

XS
SM
MD
LG