Ссылки доступа

Ресей Түркиядан келетін анар мен бұрышқа тыйым салды


Ресей сәрсенбі күні Түркиядан келетін ауыл шаруашылығы өнімдеріне жаңа шектеулер енгізді. Ресей ауыл шаруашылығы өнімдерін бақылайтын мекеме мұның санкцияға еш қатысы жоқ екенін айтады.

Ресей ауыл шаруашылығы өнімдерін бақылайтын мекеменің хабарлауынша, 17 наурыздан бастап түріктің анары мен тәтті бұрышына тікелей ғана емес, үшінші елден жеткізуге тыйым салынады.

Аталған мекеменің дәйегі бойынша, Түркиядан үнемі адам ағзасына зиян, дәріленген өнімдер жеткізіліп келген.

Түркия мен Ресей қарым-қатынасы өткен жылдың қараша айынан бастап, түрік тарапы ресейлік Су-24 жойғышын шекараны бұзды деп атып түсіргеннен кейін бірден бұзылды.

Ресей 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Түркияның азық-түлік өнімдерін өз еліне тасымалдауға тыйым салған. Санкция тізіміне апельсин, мандарин, жүзім, алма, алмұрт, өрік, шабдалы, қараөрік, құлпынай, қызанақ, қияр, пияз, түрлі-түсті орамжапырақ, сонымен бірге құс еті енген.

XS
SM
MD
LG