Ссылки доступа

Пентагон: Ресей Сириядан аз ғана ұшақтарын шығарды


АҚШ жетекшілік ететін "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына қарсы коалиция Ресей Сириядан болар-болмас әскерін шығарды, негізгі ұшақтары мен әскери күштері әлі де базаларында өзгеріссіз қалып отыр деп мәлімдеді.

Бұл жөнінде полковник Стив Уоррен Ирактан видеобрифинг арқылы хабарлады. Оның сөзінше, Сириядан оншақты Ресей ұшағы ғана әкетілген.

Ал Ресейдің Пальмир қаласының жанында сириялық әскерге қолдау көрсететін әскери күші өз орындарында қалып отыр деп хабарлайды Пентагон өкілі.

"Ресейдің шын ниетін түсіну өте қиын. Алдымен біз Путиннің әскерді әкету жөніндегі мәлімдемесін күтпедік. Бірақ біз сөздері мен істерінің қалайша сәйкес келетінін, оқиғаның қалай дамитынын бақылап отырмыз", – деді Уоррен.

XS
SM
MD
LG