Ссылки доступа

Президент Рахмон БАӘ-нен инвестиция сұрады


Тәжікстан президенті Бірікке араб Әмірліктеріне жасаған ресми сапары кезінде бұл елден энергетика, көлік, жол, көпір, тоннель салуға және ауыл шаруашылығын өңдеуге инвестиция тарту туралы келіссөз жүргізуде.

Эмомали Рахмон Абу Даби қаласында Халиф бин Зайд Аль-Нахайянның Қайырымдылық қорының директоры Мухаммад Хаджи Аль-Хуримен кездесті. Келіссөз барысында тараптар Тәжікстан үкіметінің Әмірліктегі түрлі құрылымдармен әріптестік орнату жағы сөз болған.

Тәжікстан басшысы қайырымдылық қорының басшылығына Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономиялық облысындағы табиғат апаты кезінде көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

Қос тараптың келіссөзі барысында қуаты әртүрлі су электр стансаларының құрылысын, түсті металлургия бойынша бағдарламаларды, жеңіл және тағам өнеркәсібін, құрылыс, ауыл шаруашылығы, байланыс, банк ісі, туризмді дамыту, білім мен денсаулық сақтау салаларын қаржыландыру бойынша әріптестік орнату мәселелері талқыланған.

XS
SM
MD
LG