Ссылки доступа

Президент Путин Сирияда қаза тапқан бесінші әскери туралы айтты


Ресей президенті Владимир Путин төрт айдан соң тұңғыші рет Сирияда қаза тапқан әскери қызметші Федор Журавлевті еске алып, құрмет көрсетті.

Президент Кремльде Сириядағы әскери операцияға қатысқандарға және марқұмдардың жесірлеріне мемлекеттік марапаттар табыстады.

27 жастағы Журавлев Сирияда қаза тапқан бесінші жауынгер. Бұған дейін Ресей басшылығы Сирияда арнайы жасағының соғысып жатқанын мойындамай келген еді. Әскери басшылық әуеден соққы жасап, сириялық жауынгерлерді үйретіп және ресейлік әскери базаларды күзететіндерін, ұшақ апатқа ұшыраған жағдайда ұшқыштарды іздестіру мен құтқару операциясын жүргізумен ғана айналысатынын мәлімдеген болатын. Ресейдің Сириядағы әскери қимылдары былтырғы жылдың 30 қыркүйегінен Путин Сириядан ресейлік әскери күштердің басым бөлігін алып кету туралы бұйрыққа қол қойған 15 наурызға дейін жалғасты. Елдегі Ресей әскерінің саны қанша екені әлі күнге белгісіз.

XS
SM
MD
LG