"Мен ЕО-на Еуропалық парламентпен бірге жасалған "Савченко тізімі" деп аталатын жаңа құжатты тапсырдым және мен ол міндетті түрде қаралады деп үміттенемін. Мен бұл құжат Савченконың ісімен шектеліп қалмай, Ресейде заңсыз ұсталып отырған әрбіір украиндық үшін жауаптылардың есімдерімен толығатын ашық тізім болады деп ойлаймын. Бұл жерде мен Олег Сенцов, Александр Кольченко, Геннадий Афанасьев және басқалардың ісін меңзеп отырмын", – деді Порошенко.
Еурокеңес төрағасы Дональд Туск ЕО-ның Надежда Савченконы Сенцов секілді өзге де заңсыз қамалған Украина азаматтарын дереу босату туралы үндеуін қайталады.
Украина президенті сонымен бірге Киевтің бұрыннан көздеген мақсаты -ел азаматтарының Еуропаға визасыз барып-келу мәселесін шешуге де қол жеткізді.