Ссылки доступа

Қазақстан парламенті педофилдерді «химиялық піштіруді» мақұлдады


Қазақстан парламенті кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық қылмыс жасағандарды мәжбүрлеп «химиялық әдіспен піштіру» туралы заңнамалық қосымшаны мақұлдады.

Бас прокуратура педофилия үшін айыпталғандарды химиялық жомен әтек қылу туралы бастаманы былтырғы жылдың қазан айында көтерген. Заң жобасы Қазақстан президентіне қол қоюға жолданды.

Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова химиялық піштіру - бір реттік егу арқылы «адамды жыныстық зорлық-зомбылықтан аулақ ететін» қажет шара екенін айтты. «Новости–Казахстан» агенттігі сенатордың: «Бұл дегеніміз, бір реттік екпеден соң, ол өмір бойы сондай боп қалады деген сөз емес.Және ол тек соттың шешімімен жүзеге асатын шара» деген сөздерін келтіреді.

Бұл құжатта сонымен бірге жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар туралы республикалық мәліметтер базасын жүргізу және құпия мәліметтерді алуға қатысты бірқатар түзетулер енгізілген. Заң жобасын пленарлық отырыста таныстырған сенатор Әйтімова қазір елде бес миллионнан астам бала барын, оның ішінде тоғыз мыңы балалар үйінде тәрбиеленіп жатқанын айтты.

XS
SM
MD
LG