Ссылки доступа

Иран мен Тәжікстан арасындағы дипломатиялық текетірес тоқтады


Иран мен Тәжікстан арасындағы қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы әріптестік орнату туралы келісім күшіне енді. Иран президенті Хасан Рухани 17 наурызда құжатқа қол қойды.

Екі елдің қорғаныс пен қауіпсіздік саласында ынтымақтастық орнату туралы құжатты дайындау Иран тарабының Тәжікстанда тыйым салынған Тәжікстанның исламдық қайта өрлеу Партиясының жетекшісі Мухиддин Кабириді Тегеранда өткен халықаралық конференцияға шақыруына Тәжікстан СІМ-нің наразылық нота жолдауымен тұспа-тұс келген еді.

Иранның қандай жауап бергені белгісіз, Тәжікстан СІМ оның мазмұнын жарияламады. Алайда Иранның Тәжікстандағы елшілігінің сайтында дипломатиялық текетірестің тоқтағаны және Иранның Тәжікстанмен қарым-қатынасын бұзғысы келмейтіні туралы жазылған.

XS
SM
MD
LG