Ссылки доступа

Алтынай Омурбекова Жоғорку Кеңеш вице-спикері атанды


Ереже бойынша параменттің тиісті қаулысын қабылдаған депутаттар «Республика - Ата-Жұрт» фракциясының өкілін вице-спикер қызметіне лайық деп тапты.

Есеп комиссиясының төрағасы Мирлан Жеенчороев құпия дауыс беру барысында Омурбекованы жақтап 72 депутаттың дауыс бергенін хабарлады. «Бир Бол» фракциясынан түскен екінші үміткер - Чолпон Жакуповаға 41 депутат қолдау білдірген.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында Жоғорку Кеңештің оппозиция атынан сайланған вице-спикері Бақыт Есенбаева парламент отырысында депутаттық өкілеттігін тоқтататыны туралы мәлімдеген еді.

Парламенттің жаңа құрылымында тек екі вице-спикер бар: оның бірі көпшілік коалициясынан, екіншісі оппозиция өкілі.

XS
SM
MD
LG