Ссылки доступа

Путин: Ресей Сирияға бірер сағатта қайта орала алады


Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей қажет болған жағдайда Сирияға бірнеше сағат ішінде әскер түсіре алады.

Путин үш күн бұрын Сириядан Ресей әскері мен әскери техникасының көбін шығаруға бұйрық берген. Оның мәлімдеуінше, Кремль "Ислам мемлекеті" (ИМ - Қазақстанда тыйым салынған) және басқа да экстремистік ұйымдармен күресін жалғастыру үшін аймақта жеткілікті әскер ұстайды.

Путин "Мен біз таяу уақытта жаңа маңызды табыстың куәсі болатынымызға сенемін" деді. Ол ИМ бақылайтын ежелгі Пальмира қаласы президент Башар Асад әскерінің бақылауына өтеді деген сенім білдірді.

Путин бұған қоса, Ресейдің Сириядағы операцияларына кеткен шығынының мөлшерін де айтты. Оның мәліметінше, бұл мақсатқа Ресей қорғаныс министрлігі бюджетінен 33 миллион рубль жұмсалған. Ресей президенті бұған қоса, қару-жарақ пен оқтарды толықтыру және жөндеу жұмыстарына қосымша қаржы бөлу жоспарланып отырғанын да айтты.





XS
SM
MD
LG