Ссылки доступа

Ермегияевқа қатысты сот тыңдауы басталды


Жұма күні Астананың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотында "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияевтің ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды.

Сот залына хабар тарататын журналистер кіргізілмеді, тек фото мен видео түсіретін тілшілер ғана кіргізілді. Ал журналистерді монитор қойылған өзге бөлмеге кіргізді.

Талғат Ермегияевті сотқа бетіне қара маска киген жасақ алып кірді. Сот тыңдауын судья Әділхан Шайхисламов жүргізді.

Ермегияев "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының қаржысын жымқырды деген айыппен ұсталды. Оған 4 миллиард 200 миллион теңге көлеміндегі қаржыны заңсыз иеленді (22 миллион доллар) деген айып тағылып отыр.

"Астана ЭКСПО-2017" ісі бойынша тұтқындалғандардың ішінде компанияның бұрынғы басқарушы директоры Суламбек Бархинхоев, бұрынғы құрылыс департаменті жетекшісі Қажымұрат Үсеновтер де бар.

"Астана ЭКСПО-2017" компаниясы Астанада 2017 жылы өтетін халықаралық көрмеге дайындықпен айналысады.

XS
SM
MD
LG