Парламент сайлауының алдын ала ресми қорытындысына сәйкес, заң бойынша парламентке сайлануға мүмкіндік беретін жеті пайыздық межеден "Нұр Отан" (82,15 %), "Ақ жол" (7,18 %) және Қазақстан коммунистік-халықтық партиялары (7,14 %) өткен.
Ал сайлауға қатысқан өзге үш партия - "Бірлік" 0,29 %, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 1,18 % және "Ауыл" партиясы – 2 % дауыс алғаны хабарланды.
Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссиялары хаттамалары негізінде парламент мәжілісі депутаттарын сайлаудың түпкілікті қорытындысы 26 наурыздан кешіктірілмей белгіленетінін хабарлады.
Парламент мәжілісінің кезектен тыс сайлауына алты партия қатысқан. Заң бойынша, мәжілістегі 107 депутаттық орынның 98-і - партиялық тізім бойынша, тоғызы Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланады. Қазақстан халқы ассамблеясы парламентке сайланатын өз депутаттарын бүгін анықтайды.