Ссылки доступа

Ыстық көлде жеті елдің жастары шешендік өнерлерін сынауда


21-27 наурыз аралығында Қырғызстанның Ыстық көл облысында жастарды аналитикалық ойлау, диалог пен ораторлық өнер мәдениетіне үйрететін бесінші ірі академиялық жарыс өтіп жатыр.

Бұл жөнінде Орталық Азиядағы халықаралық пікірсайыстарға үйрету ассоциациясы хабарлайды (IDEA CA).

Ақпаратқа сәйкес, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина және Эстония елдерінің жүздеген жастары жобаларды жүзеге асыру, жастардың әлеуметтік бастамаларын басқару ісін үйреніп жатыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, тренингтің негізгі мақсаты - жастардың тұлғалық мүмкіндігін дамыту, қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін арттыру және оны күнделікті өмірде қолдануға үйрету.

XS
SM
MD
LG