Ссылки доступа

Э Рахмон: Наурыздың ешқандай дінге не мазхабқа қатысы жоқ


Тәжікстан президенті Наурыздың ешқандай дінге не қандай да бір мазхабқа қатысы жоқ, ол бейбіт дәстүрлерден тұратын мәдени мереке деп мәлімдеді.

Әдебиетшілердің халықаралық симпозиумына қатысушылардың алдында сөйлеген Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Наурыз адамдардың жүрегіне мейірім әкеліп, қонақжайлылық пен мейірбандыққа үйрететін, табиғаттың оянатын кезі, қараңғылықты жарық жеңетін, суықтың орнын жылу басатын, адамдардың өмірге деген махабаты артатын кезең деді.

"Наурыз күндері біздің халық тұратын үйін жаңартады, көше, бақша, алаңдарды тазалайды. Жаңа киім киіп, жаңа жылдың келуімен бір-бірлерін шын жүректен құттықтайды", — деп атап өтті Рахмон.

Наурыз мерекесін тойлау аясында халықаралық симпозиумға қатысушы жазушылар ескі шахар Пенджикентке барып, парсы-тәжік поэзиясының негізін қалаушы Абуабдулло Рудакидің басына барып зиярат етіп, сонымен бірге Дарваз ауданындағы атақты тәжік ақыны Мумин Каноаттың мұражайына барады.

XS
SM
MD
LG