Ссылки доступа

Өзбекстанда үйлену тойлары бишілерсіз өтіп жатыр


Бұхара, Самарқанд, Хорезм шахарларында енді барлық тойлар бишілерсіз өтеді. Өзбекстанның мемлекеттік салық комитеті бишілерге қарсы күресті бастады.

Өзбекстанның мемлекеттік салық комитеті әртістердің соңына түсуді бастағаны сол еді, Бұхара, Самарқанд, Хорезм қалаларында барлық үйлену тойлары бишілерсіз өтіп жатыр. Куәгерлердің сөздерінше, Бұхара облысы Галаосиё қаласында жергілікті милиция өкілдері тойдың ортасында екі бишіні ұстап алып кеткен.

Бишілерді қудалау, өзбек салықшыларының әртістер тойларда мемлекеттік лицензиясыз өнер көрсетеді деген шағымынан кейін басталған. Олар тек бишілерге ғана емес, мейрамхана иелеріне, тойды өткізушілерге де айыппұл салған.

Өзбекстанның мемлекеттік салық комитетінің қызметкері бишілерге қатысты ақпаратты растады. Ол бишілерге арнайы заңмен тыйым салынбаған. Тек, біз салықтан қашып жүрген әртістерге тұсау салып жатырмыз дейді. Оның сөзінше, тексеру барысында бірде-бір бишілерде лицензия болмаған. Ал лицензияны "Узбекнаво" береді.

XS
SM
MD
LG