Ссылки доступа

Брюсселде әуежайда және Maelbeek метро станциясында жарылыс болды


Брюссель әуежайында орын алған жарылыстан соң атыс болған, адам құрбандары бар деп хабарланады.

Брюсселдегі жарылыстан он адам қаза тапқан деп хабарлайды Рейтер агенттігі белгиялық RTBF телеарнасына сілтеме жасап. Жарақат алғандарды жақын маңдағы ауруханаға жеткізген.

Ақпаратқа сәйкес, жарылыс ұшып кету залында орын алған.

RTBF телекомпаниясының сайтында терезесі сынған терминал ғимаратынан түтінның шығып жатқан суреттер жарияланды.

Жарылыс сонымен бірге ЕО институты жанындағы Maelbeek метро станциясында да болды деп хабарланады.

Әуежайды жапқан. Барлық темір жол көліктері тоқтатылған. Жарылыстың себептері әлі белгісіз.

Ұшып кету залында атыс орын алған және арабша сөздер естілгендігі айтылады.

Жарылыс қараша айында 130 адамның өліміне әкелген Париж терактісін ұйымдастырды деп күдіктелген, әрі жалғыз тірі қалған Салах Абдельсаламды Брюсселде ұстағаннан кейін төрт күннен соң орын алып отыр.

XS
SM
MD
LG