Ссылки доступа

Ресей Сириядан көкөністер мен жемістерді жеткізе бастады


"Коммерсант" газетінің жазуынша, көкөністі Сириядан әкелетін импортерлер "Адыг-Юрак" компаниясы.

Бұлар Мәскеудің "Европейский" сауда үйінің және "Украина" қонақ үйінің қожайындары, "Жыл кәсіпкерлері" Нисанов пен Зарах Илиевтің құрылымында болуы мүмкіндігі жазылады.

"Адыг-Юрак" компаниясының иесі әрі директоры Аслан Панештің сөзінше, өткен аптада Новороссийскі портына үш мың тоннаға жуық көкөністер мен жемістердің екінші партиясы жеткізілген. Панеш сонымен бірге "Пятерочка" мен "Магнит" сауда желілерімен келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты.

"Коммерсанттің" мәліметінше, кәсіпкерлер Нисанов пен Илиев "Адыг-Юрак" компаниясының шын мәніндегі қожайындары болуы мүмкін. Олар президент Владимир Путиннің курстасы Ильгам Рагимовпен жақсы қарым-қатынаста екендігі де жазылады.

Ресей қаңтар айынан бері Түркиядан келетін азық-түлік өнімдеріне тыйым салды. Екі елдің қарым-қатынасы 2015 жылы қараша айында түрік-сирия шекарасындағы түрік тарапы сириялық әскери ұшақты атып түсіргеннен кейін күрт нашарлады.


XS
SM
MD
LG