Ссылки доступа

ҰҚШҰ Бішкек мен Ташкент арасындағы дауға араласады


Бішкек әлі ресми бекітілмеген қырғыз-өзбек шекарасындағы дауды Ұжымды қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) тұрақты кеңесіне қарауға жібереді. Бұл жөнінде Қырғызстанның СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Еске сала кетейік Ақсы ауданы Чала-Сарт ауылында 18 наурыз күні сағат 07.40 шамасында өзбек шекарашылары шекараға ондаған әскер, екі бронекөлік пен жүк көліктерін кіргізген болатын. Артынша, қырғыз тарабы да қарап қалмай, жасағын дайындаған. Оларға Қырғызстанның өзге күш құрылымдары көмекке келген.

Шекарадағы даулы аймақ қазір қатаң бақылауда. Оны Мемлекеттік шекара қызметінің төраға орынбасары Талайбек Усубалиевтің өзі қадағалап отыр. Қызыл Киеден өзге барлық өткізу бекеттері жабылған.

Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметінің төрағасы Раимберди Дуйшенбиевтің сөзінше, 20 наурызда Өзбекстан мен Қырғызстанның шекара мекемелері әскер санын азайтуға уағдаласқан. Ол өзбек тарабы аяқ астынан, белгісіз себептермен әскер кіргізе бастады дейді. Нақты себебі әлі айтылмаған.

XS
SM
MD
LG