Ссылки доступа

ҰҚКШҰ қырғыз-өзбек шекарасындағы жағдайға алаңдайды


Қырғыз тарабының бастамасымен 22 наурызда ҰҚКШҰ Тұрақты кеңесінің шұғыл отырыс өтті. Бұл туралы Қырғызстан СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

ҰҚКШҰ жанындағы тұрақты және өкілетті өкіл Аман Мамбетсейітовтің Қырғызстанның Жалал-Абад облысы, Ақсый ауданы аумағында қырғыз-өзбек шекарасының белгіленбеген бөлігіндегі жағдай туралы баяндамасы тыңдалды.

ҰҚКШҰ Тұрақты кеңесінің мүшелері қырғыз-өзбек шекарасындағы жағдайдың ушығып бара жатқанына алаңдайды. Сондықтан мәселені бақылауда ұстау турлы шешім қабылданған. Қырғызстан жағының хабарлауынша, ұйымның Тұрақты кеңесінің отырысы 23 наурызда жалғасады.

XS
SM
MD
LG