Ссылки доступа

HRW: Савченкоға үкім әділетсіз соттың нәтижесінде шығарылды


Сейсенбі күні Ростов облысындағы сот Надежда Савченконы 22 жылға бас бостандығынан айырды

Сейсенбі күні "Хьюман Райтс Вотч" құқық қорғау ұйымы Надежда Савченкоға қатысты айыптау үкімі әджілетсіз өтикен соттың нәтижесінде шыққанын мәлімдеді.

Құқық қорғаушылар соттың қорғаушы тараптың негізгі куәларын іске қосудан бас тартқанын және адвокаттардың ең маңызды шағымдарын қанағаттандырмағанын, соның кесірінен Савченконың қорғаушылары тағылған айыптарды тиімді түрде жоққа шығару мүмкіндігінен айырылғанын хабарлады.

"Хьюман Райтс Вотч" ұйымының Еуропа және Орталық Азия бойынша жетекшісі Хью Уильямсон: "Үкім еш негізсіз шығарылды және ол күшіне енбеуі тиіс" деп мәлімдеді.

Надежда Савченко Донецк қалалық сотының шешімімен 22 жылға бас бостандығынан айырылды және 30 мың рубль төлеуі тиіс. Сот оны екі ресейлік журналистің өліміне кінәлі, телеоператор Виктор Денисовке қастандық жасауға қатысты және шекарадан заңсыз өтті деп тапты. Сот Савченкодан Луганск облысының бейбіт тұрғындарын атқылады деген айыпты алып тастады. Надежда Савченко үкімді мойындамайды, алайда апелляциялық шағым беруден де бас тартуда.

XS
SM
MD
LG