Ссылки доступа

ҰҚКШҰ қырғыз-өзбек шекарасындағы жағдаймен танысады


Қырғызстанның ұсынысымен өткен ҰҚКШҰ Тұрақты кеңесінің кезектен тыс отырысында қырғыз-өзбек шекарасындағы жағдайды реттеу жағы талқыланды.

ҰҚКШҰ төрағасының орынбасары Ара Бадалян қырғыз-өзбек шекарасының келісілмеген бөлігіндегі жағдайды зерттеу үшін Қырғызстанға келді. Бұл туралы ұйымның баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Бадалян мән-жайды анықтап, қырғыз тарабымен кеңесу өткізеді. ҰҚКШҚ бас хатшысы Николай Бордюжа жағдайды ұйымға мүше елдердің сыртқы істер министрлері Кеңесінің мүшелерімен телефон байланысы арқылы талқылауда.

18 наурыз күні Ақсый ауданындағы Чала-сарт елді мекеніндегі қырғыз-өзбек шекарасының белгіленбеген бөлігіне Өзбекстан қарулы күштері екі бронды техника мен 40 шақты әскерін әкелген. Бұған жауап ретінде Қырғызстан тура сол шамадағы техника мен жауынгерін шекараға топтастырды. 21 наурызда жағдай саябырсып, қос тараптың әрқайсында сегізден сарбаз қалған.

XS
SM
MD
LG