Ссылки доступа

Омбудсмен: реформа құқықтарды жүйелі ілгерілетуге арналған


Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі елде жүргізіліп жатқан реформа "адам құқықтарының жағдайын жүйелі түрде жақсартуға арналған" деп мәлімдеді.

Бұл жөнінде Асқар Шәкіров Женевада жұмыс сапары кезінде мәлімдеді. Онда ол БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі және Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Жоғарғы комиссариаты басшылықтарымен кездесті деп хабарлайды Қазақстан омбудсменінің баспасөз қызметі.

Өткен айда Шәкіров 2015 жылда келіп-түскен азаматтардың шағым-арызының дені құқық қорғау органдарына бағытталған деп мәлімдеген.

Шәкіровтің Женевадағы жұмыс сапары кезінде Қазақстандағы адам құқықтарының жағдайы жөнінде талқылаған.

Омбудсмен сонымен бірге 29-ұлттық адам құқықтары жөніндегі мекеменің халықаралық үйлестіру комитетінің жыл сайынғы кездесуіне де қатысты.

XS
SM
MD
LG