Ссылки доступа

Басты тақырыптар Керридің Мәскеуге келуі – Сирия, Украина, Савченко


Бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керридің Мәскеуде талқылайтын басты тақырыбы - Сирия мен Украина болмақ. Америкалық мемлекеттік департаменттің хабарлауынша, Ресей басшысымен Наджеда Савченконың босатылуы мәселесі де міндетті түрде көтеріледі. Вашингтон украиналық ұшқышты 22 жылға бас бостандығынан айыру әділетсіз деп мәлімдейді. Мемлекеттік департамент сонымен бірге Донбастағы жағдаудың ушығуы мен Минск келісімінің орындалуы жайындағы келіссөздер күн тәртібінің өзекті мәселелері екенін хабарлады.

Джон Керри бүгін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен, сосын барып президент Владимир Путинмен кездеседі. 24 наурыз күні кешкісін, Керри кешкі асты Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайермен бірге ішпек. Ол бір күн бұрын президент Путинмен кездескен болатын.

XS
SM
MD
LG