Ссылки доступа

Әлем чемпионаты -2018: Тәжікстан Аустралияға қарсы


Бүгін 24 наурызда Әлем чемптонаты — 2018 "В" тобына іріктеудегі екінші раундтың тоғызыншы турнирі өтеді. Онда Аустралия мен Тәжікстанның ұлттық құрама командасы кездеседі.

Кездесу Душанбедегі "Аделаида Овал" стадионында жергілікті уақыт бойынша сағат 19:30 басталады (Душанбе уақыты бойынша сағат 14:00).

Жарыс алдында Тәжікстан құрама командасының бас бапкері Мубин Эргашевтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Ол "Өткен жылы қыркүйек айында Душанбеде өткен бірінші матчқа қарағанда, біздің құрамда өзгерістер бар. Топқа қазір жастарды тартып жатырмыз. Буындар алмасып жатыр. Біздің басты мақсатымыз — 2019 жылы өтетін Азия біріншілігіне қатысу. Өкінішке қарай, ойын күнтізбесі бізге сәтті болмады. Біз "Әлем чемпионаты- 2018" іріктеу турнирін екі күрделі ойындармен аяқтаймыз. Негізгі әрі басты матчты 29 наурызда Қырғызстанмен өз қаламызда ойнаймыз. Онда "Азия кубогы — 2019" жарысына іріктелеміз бе, жоқ па сол белгілі болады" - деді.


XS
SM
MD
LG