Дереккөздің мәліметінше, арнайы жасақ офицері бір апта бойы Пальмирадағы "Ислам мемлекеті" тобының маңызды нысандарын анықтаумен және ресейлік әуе күштері соққы беретін нысандардың дәл координаттарын белгілеумен айналысқан.
Ресми дерек бойынша, Сириядағы әскери операция барысында 5 ресейлік әскери қызметші қаза тапқан, ал ақпарат құралдары жеті әскеридің көз жұмғанын хабарлауда. Бейсенбі күні Сирияның үкіметтік күштері ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне кіретін Пальмира мәдени-тарихи кешеніннің түбінде ұрыс жүргізіп жатқаны туралы ақпар тарады.