Ссылки доступа

Тәжікстан президенті Сириядағы джихадты қолдаушылардың "ошағына" барды


Исфара жастарының экстремистік топтарға елітетіндеріне алаңдаушылық білдірген Эмомали Рахмон жергілікті биліктен экстремизм идеяларын таратушылармен күресті күшейтуді талап етті.

Эмомали Рахмон Тәжікстанның Соғды облысы Исфара ауданының тұрғындарын жастардың экстремистік топтарға өтіп кетуіне жол бермеуге шақырды. Бұл ауданның 40 шақты тұрғыны Ирак пен Сирияда содырлар жағында соғысып жатыр. Жергілікті Чоркишлок ауылының өзінен Сирияға 20 адам аттанған, кейбірі отбасын бірге ала кеткен.

Тәжікстан президенті жастар мен жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек деп санайды.

Эмомали Рахмон Исфара жастарының экстремистік ұйымдарға бүйрек бұратыны туралы айтқан күні Түркияның ақпарат құралдары түрік-сирия шекарасында 5 шетелдік, негізінен Тәжікстан азаматтарының ұсталғаны туралы жариялады.

Тәжікстанның құқық қорғау органдары елдің мыңнан астам азаматы "Ислам мемлекеті" сынды экстремистік топтарға қосылып кеткенін айтады. Ирак пен Сирия аумағындағы әскери қақтығыстан содырлар жағында соғысқан 150 тәжік азаматының қаза тапқаны да белгілі.

XS
SM
MD
LG