Ссылки доступа

Ұсталған қырғыз оппозиционерлері әлі МҰҚК тергеу абақтысында отыр


Жақында ұсталған оппозициялық саясаткерлер Бектұр Асанов пен Кубанычбек Қадыров қазір ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің ғимаратында отыр. Бұл туралы «Азаттыққа» МҰҚК ресми өкілі Рахат Сулайманов хабарлады.

Оның сөзінше, ұсталғандар мұның алдында қозғалған қылмыстық іс бойынша жалғасып жатқан тергеу-іздестіру шараларын өткізу үшін жеткізілген. «Заң бойынша біз оларды 48 сағатқа дейін ұстай аламыз», – деді Сулайманов.

МҰҚК баспасөз қызметі Асанов пен Қадыров елдегі саяси-қоғамдық тұрақтылықты шайқалтуды жоспарлады және билікті күшпен басып алуға астыртын сөз байласты деп күдіктелетінін хабарлады. Бұл әрекеттер ҚР Қылмыстық кодексінің 27 («Қылмысқа дайындалу») және 295 («Билікті күшпен басып алу немесе билікті күшпен ұстап тұру») баптары бойынша қылмыстық іс боп табылады .

Бұған дейін интернетте оппозиция жетекшілері болуы мүмкін делінген 3-4 адамның арасындағы әңгіменің екі аужиожазбасы пайда болған еді. Аудиожазбада оппозициялық саясаткер Бектұр Асанов, Кубанычбек Қадыров, Әзімбек Бекназаров және Дуулат Тұрдұналиевтердің әңгімесі жазылғанға ұқсайды. Кейінірек МҰҚК аудиожазбалардың шынайы екенін растады.

XS
SM
MD
LG