Ссылки доступа

Қазақстанда спикер Бақтықожа Ізмұхамбетовтың жетекшілігімен жаңа мәжіліс жұмысын бастады.


Бүгін төменгі палатаның бірінші пленарлық отырысында Бақтықожа Ізмұхамбетов мәжілістің спикері боп сайланды

Мәжіліс депутаты боп сайланғанға дейін 67 жастағы Ізмұхамбетов Атырау облысының әкімі болды, оның алдында мәжілістің вице-спикері қызметін атқарды, ал 2008-2012 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысының әкімі боп істеді.

20 наурызда өткен сайлау нәтижесінде парламентке үш партия — ресми дерек бойынша 82,20 пайыз дауыс жинаған президенттік «Нұр Отан», билікпен ымыралас «Ақ жол» (7,18) және Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы (7,14) өтті. Алтыншы шақырылым парламентінің бірінші сессиясы бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылды.

107 мәжіліс депутатының 84-і «Нұр Отан» партиясының мүшесі, ҚКХП және «Ақ жолдан» жеті өкіл, тағы тоғыз депутат Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған. Жаңа парламенттегі депутаттардың 40 пайызы биыл қаңтарды президенттен өздерін таратуды «өтінген» бұрынғы мәжілістің депутаттары болған.

XS
SM
MD
LG