Ссылки доступа

Ауғанстанның сыртқы істер министрі Бішкекке барады


Бүгін Ауғанстан Ислам Республикасының сыртқы істер министрі Салахуддин Раббани екікүндік ресми сапармен Қырғызстанға келеді. Сапар барысында қырғыз-ауған қарым-қатынасының болашағы талқыланбақ.

Ауғанның сыртқы істер министрі Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен, Жоғорку Кенеш спикері Асылбек Жээнбеков, премьер-министр Теміром Сариев, қырғыз әріптесі Эрлан Абдылдаевпен, қорғаныс Кеңесінің хатшысы Темір Жұмақадыров және экономика министрі Арзыбек Қожошевпен кездеседі.

Қырғызстан СІМ сапар барысында қырғыз-ауған қарым-қатынасының аясында саяси диалогты кеңейту, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы әріптестікті нығайту және халықаралық ұйымдар шеңберінде бірлесіп әрекет ету мәселелері талқыланатынын хабарлады.

Келіссөздер аясында сауда-экономикалық әріптестік бойынша қырғыз-ауған үкіметаралық комиссиясын құру туралы құжатқа қол қою жоспарланған.

XS
SM
MD
LG