Ссылки доступа

Тәжікстанда қорқор тартуды шектеуді ұсынуда


Денсаулық сақтау министрлігі үкіметке Тәжікстанда өзге темекі бұйымдарымен бірге қорқор тарту мен оны жарнамалауды шектейтін заң жобасын ұсынды.

"Темекі бұйымдарын пайдалануды шектеу туралы" деп аталатын заң жобасындағы өзгерістер қабылданған жағдайда қоғамдық орындарда қорқор тарту мен жарнамалау шектелетін болады.

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Навруз Джафаров 27 наурызда ”заң жобасы темекі бұйымдарын, оның ішінде қорқорды пайдалануды шектеуді көздейтінін” айтты.

Соңғы жылдары қорқор тарту елде кең таралған және бірқатар мейрамхана келушілерге қорқорды арнайы ұсынады. Қорқорда тартатын қоспа және шөп пен алкогольдің бірнеше түрі, иіс беруші заттар қолданылады.

XS
SM
MD
LG