Ссылки доступа

Ресей Сирия билігіне терроризммен күрестегі көмегін жалғастыра бермек


Ресейдің әскери күштерінің басым бөлігі Сириядан шығарылғанына қарамастан, Ресейдің қарулы күштері Сирия билігіне террормен күресуде көмектесуін жалғастыра бермек.

Мұны Ресей президенті Владимир Путин де баса қайталады. Оның баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 27 наурызда Путиннің телефон арқылы Сирия президенті Башар Асадпен және ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Боковамен сөйлескенін хабарлады. Путин Асадты әлемдік мәдениеттегі орны бөлек Пальмира тарихи қаласын содырлардан азат етуімен құттықтаған.

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Пальмира мен оның дүниежүзіне әйгілі ескерткіштерінің азат етілгені туралы жаңалықты қуанышпен қабылдады. Аммандағы баспасөз жиынында Пан Ги Мун «лаңкестер адамдарды жауыздықпен өлтіріп қана қоймай, адамзат өркениетін жоятынын» айтты.

Бұған дейін жексенбі күні Сирияның үкімет әскері мен халық еріктілерінің жасақтары мамыр айында "Ислам мемлекеті" радикалды тобының содырлары басып алған Пальмира қаласын толық азат еткен еді. Әскери операцияны Ресейдің әуе күштері қолдады.

XS
SM
MD
LG