Ссылки доступа

Лахордағы жарылыс құрбандарының арасында әйелдер мен бала саны көп


Жексенбі күні Пәкістанның Лахор қаласында жанкештінің жасаған жарылысынан ондаған әйел мен бала мерт болды.

Соңғы дерек бойынша, кемінде 65 адам өліп, 200-ге жуығы жараланған. Жанкешті өзін Гульшан-и-Икбал қоғамдық саябағының аумағында, балалар алаңқайынан бірнеше метр жерде жарып жіберген.

Жарылыс кезінде саябақта кісі аяғы көп болған. Жексенбі күні христиандар Пасха күнін тойлағандықтан, саябаққа келген христиандардың қарасы да аз болмаған.

Бұл шабуылды Пәкістандағы тәлібтердің құрамына кіретін «Жамаат уль-Ахрар» экстремистік ұйымы мойнына алды. Экстремистер олардың басты нысанасы - христиан дінінің өкілдері болғанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG