Ссылки доступа

Ошта сайлаушыларды "сатып алғандар" ұсталды


Ош қаласында 27 наурызда өткен қалалық кеңеш депутаттарын сайлау барысында сайлаушылардың дауысын сатып алды деген күдікпен 9 адам ұсталған.

Ош қалалық ІІБ баспасөз хатшысы Замир Сыдықов Орталық Азия жаңалықтар Қызметіне ұсталғандардың үстінен әзірге қылмыстық іс қозғалмағанын, олар жауап беріп жатқанын мәлімдеді.

Оның сөзінше, сайлаушыларға қалалық кеңешке өткен барлық партия ақша таратқан. Расталмаған дерек бойынша, бір сайлаушының дауысы мың жарым сомға бағаланған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қалалық кеңешке сайлауға қатысқан 13 партияның 6-ы өткен. Ең көп дауысты ҚСДП жинаған (30,6%). Екінші орынды 15,7% дауыс алған «Қырғызстан» партиясы иеленді. «Мекеним Қырғызстан» партиясы үшінші орында (11,8%). «Республика – Ата-Журт» 9,7%, «Бир Бол» - 8,5% және «Онугуу-Прогресс» - 8% дауысқа ие болды.

XS
SM
MD
LG