Ссылки доступа

АҚШ-тың бас барлаушысы Мәскеуде болды


АҚШ Орталық барлау басқармасының (ОББ) директоры Джон Бреннан наурыз аййының басында Мәскеуге барып, ресейліктермен Сириядағы жағдайды талқылаған.

Бұл туралы АҚШ елшілігінің баспасөз хатшысы Уильяма Стивенске сілтеме жасаған ресейлік ақпарат агенттіктері хабарлады. Оның сөзінше, Бреннан Ресей тарабымен Сирияда оқ атпау ережесін қатаң ұстанудың маңыздылығын сөз еткен. Ол сонымен бірге, бұл елде саяси өзгерістер болуы үшін Башар Асад президенттіктен кетуі керек деген америкалық тараптың көзқарасының мызғымайтынын қайталаған.

Дүйсенбі күні ресейлік ақпарат агенттіктері Ресейдің сыртқы істер министрінің орынбасары Олега Сыромолотовтың Мәскеуде ОББ басшысы федералды қауіпсіздік қызметіндегі әріптестерімен де кездескені туралы айтқанын жариялаған. Дипломат америкалық барлаушының сапары Сириядағы ресейлік әскери күштің бір бөлігін ел аумағынан шығаруға еш қатысы жоқтығын айтқан болатын.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков өз кезегінде соңғы кездері Кремльде Бреннанмен кездесу болмағанын мәлімдеді.

Батыс ақпарат құралдары Бреннанның Ресейге барғаны туралы жаңалықты ресейлік БАҚ-қа сүйеніп таратуда.

XS
SM
MD
LG