Ссылки доступа

«Матаевтың ісі»: байланыс комитетінің басшысы ешқайда кетпеу туралы қолхат берді


Жемқорлыққа қарсы қызмет ақпараттық саясатқа бөлінген мемлекет қаржысының талан-таражға түскеніне қатысты істің жалғасып жатқаны және ол бойынша жаңа күдіктілердің пайда болғаны туралы мәлімдеді.

Осы іс бойынша Қазақстанның инвестициялар және даму жөніндегі министрлігіне қарасты байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы Талғат Казанғап және комитеттің бұрынғы басшысы Болат Қалиянбеков ешқайда кетпеу туралы қолхат берген.

Аталған іс бойынша Қазақстан журналистер Одағының төрағасы Сейітқазы Матаев, оның ҚазТАГ агенттігін басқаратын ұлы Әсет Матаев, ақпараттандыру және байланыс комитетінің бұрынғы қызметкерлері Болат Берсебаев, Бек Арпабаев және «Қазақтелеком» компаниясының стратегиялық басқару бойынша бас директоры Батыр Маханбетәжиев айыпталуда. Сейітқазы Матаев ақпан айынан бері үйқамақта. Бүгін Алматы соты Әсет Матаевты үй қамауына шығару туралы шешім шығарды. Іске қатысты өзге күдіктілер де үй қамауында отыр. Олардың бәріне ақпараттық-жарнамалық материалдарды жариялауға жұмсалуы тиіс қаржыны жымқырды деген айып тағылған.

Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) және Article 19 секілді халықаралық ұйымдар Сейітқазы Матаевтың қылмыстық жауапқа тартылғанына алаңдаушылық білдірді.

XS
SM
MD
LG