Ссылки доступа

Сирия мен Иракта 125 қырғыз жасөспірімі жүр


I
I

Бұл туралы қырғыз парламентінің әлеуметтік мәселелер, білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау бойынша комитет отырысында айтылды.

МҰҚК ьөрағасы келтірген дерек бойынша, соғыс аумағында 10 жасқа дейінгі 85 бала, 14 жасқа дейін 25, 16 жасқа дейінгі 11 бала және 18-ге толмаған 4 бала бар.

ІІМ Сирия мен Иракта террорлық ұййымдарға мүше болған 500-ге тарта Қырғызстан азаматы бар. Олардың 33-і қаза тауып, 40 адам отанына қайтып келген.

Жоғорку Кеңеш комитетінде заңдарға енгізілетін террорлық және экстремистік сипаттағы қылмыстарға қарсы тұруды көздейтін түзетулер қарастырылған

Жаңа өзгерістер бойынша, «террорлық әрекеттерді қаржыландырған», «террорлық немесе экстремистік сипаттағы қылмысты жасауға қатысқан немесе оларды жасауға қолғабыс еткен», «Террорлық әрекет жасауға жария түрде шақырған немесее терроризмді ашық түрде ақтаған» жандар 14 жастан бастап қылмыстық жауапқа тартылады. Қолданыстағы заң бойынша қылмыстық жауапкершілік 16 жастан бастап қолданылады.

XS
SM
MD
LG