Ссылки доступа

Тәжік азаматтары Ауғанстандағы тұтқыннан босатылды


Ұзақ келіссөздерден соң, ауған контрабандашыларының қолындағы Тәжікстанның екі азаматы босатылды.

Ауған билігі азат етілген азаматтардың 29 наурызда Тәжікстанға жеткізілетінін хабарлады.

Тәжікстан МҰҚК шекара әскерінің Бас басқармасының баспасөз хатшысы Мухаммадджона Улугходжаев келіссөздердің ауған билігімен де, контрабандашылармен де өткенін мәлімдеді.

Жергілікті биліктегі дереккөз адам ұрлағандар кепілге алынғандарды тәжік күш құрылымдары есірткімен ұстап, Куляб қаласындағы тергеу абақтысына қамаған ұйымның екі мүшесіне айырбастауды талап еткенін айтты. Әзірге тәжік азаматтарының қандай шартпен босатылғаны туралы ақпарат жоқ.

Тәжікстан азаматтары 25 наурызда тәжік шекарасындағы Шохон-Зигар жол құрылысының маңында кепілге алынған. Наджиб есімді біреудің тобына қарасты ауған контрабандашыларының қарулы шабуылы кезінде бір құрылысшы жараланып, екі жол құрылысының жұмысшысын ауған жағына тұтқынға алып кеткен болатын.

XS
SM
MD
LG